Өткеннің ертегі беттері:
Біздің саябақтың тарихы

1840

1840 жылы саябақтың негізі қаланып құрылды.

 
...
...

1862

1862 жылы жас Лев Николаевич Толстой осы саябақта қыдырып, өзінің шығармашылық идеяларына шабыт тапты.

1884

1884 жылдан бастап қаланың үлкен мерекелері мен іс-шараларыносы саябақта атап өту дәстүрге айналды.


...
...

1891

1891 жылы шілдеде бұл саябақта жас және талантты Федор Шаляпин өнер көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.

1923

1923 жылы мұнда қазақ әдебиетінің классигі С.Сейфулиннің жыр жолдары жазылған.


...
...

1925

1925 жыдан бастап саябақта жалпы халықтық мерекелер ғана емес, сонымен қатар кәсіби мейрамдар, спорттық жарыстар, көрмелер, екпінділер жиындары өтетін болды.

Саябақта әр жылдарда әдебиет пен өнердің майталмандары М.А.Шолохов, А.Толстой, Х.Есенжанов, Т.Жароков, , Ж.Молдағалиевтар болған С.Мұқанов.

...

Х.Есенжанов

...

С.Мұқанов

...

Ж.Молдағалиев

...

1935

1935 жылы бақ Орал қалалық С.М.Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағы болып қайта құрылды.

1970

1970 жылдан бастап саябақ қалалық мәдениет бөліміне құрылымдық бөлімше ретінде енгізілді.


...
...

2008

2008 жылы күрделі жөндеуден кейін қалалық саябаққа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, саябақтың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

2009

2009 жылдың 3 тамызында Орал қаласы әкімдігі мен қалалық маслихаттың бірлескен шешіміне сай «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны болып өзгертілді.


...
...

2012

2012 жылы "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны " болып қайта өзгертіліп, қаланың мәдени өмірінің орталығы ретіндегі рөлін сақтап қалды.

2015

2015 жылы қалалық мәдениет және демалыс саябағы 175 жасқа толды және қала тұрғындарының мақтанышы және Қыспен қоштасу, Наурыз, Жеңіс Күні, Балаларды қорғау күні, Сабантой, Нептун сынды көптеген кәсіби және ұлттық мерекелерді қоса алғанда, түрлі мерекелер мен іс-шараларды өткізетін орын болып табылады.


...

"Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" МКК материалдық-техникалық базасының сапасын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда:
2011 жылы - "Торнадо" музыкалық субұрқағы ашылды.

2015 жылы - фуд-корт сауда орындары салынды.

2016 жылы "WorkOut"спорт алаңы салынды.

2017 жылы бас аллеядағы ескі субұрқақтың орнына құрғақ ағаштардан жасалған қыз бен жігіттің мүсіндері орнатылды.

...

Құрғақ ағаштардан жасалған қыз бен жігіттің мүсіні

...

Вид на реку Чаган

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ресми сайт ашылып, Facebook, Instagram сияқты әлеуметтік желілерде парақшалар құрылды. 2019 жылы Сауда шатырлары салынды.

Сондай ақ облыстың түрлі ұйымдарына демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде:

  • мүмкіндігі шектеулі балаларға және аз қамтылған отбасыларға жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру;
  • жыл сайын қайырымдылық айлығы аясында мәдениет ардагерлеріне азық-түлік пакеттері ұсынылады.
  • "Мектепке жол", " Балаларға жақсылық сыйла!" атты акциялар ұйымдастырылады

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады және мемлекеттің қорғауында.